Референдум-2026

Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді

Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді
Фото: freepik.com

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі - 92,1% (3 528 тонна). Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр.

Импорттың үлесінде 74,1%-ы сергіткіш сусын, ал елге 18,3 мың тонна шай өнімі әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды.

Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді.

Жалпы, шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамнан келеді.

Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі. Сондай-ақ шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.