Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында алғашқы жарыс басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Пенчак силаттан ұлттық құрама спортшысы Нұрдәулет Тасмағанбетов (-65 кг) чемпион атанса, Арай Аманбай (-60 кг) күміс жүлдеге ие болды. Тағы бір отандасымыз Уәли Жалғасбай (-60 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, пенчак силат Исламиада бағдарламасына алғаш рет көрсетілім спорт түрі ретінде еніп тұр. Сол себепті бұл сайыстағы медальдар ресми есепке қосылмайды.
Кешенді жарыстың ресми ашылу рәсімі ертең, 7 қарашада өтеді. Қазақстан құрамасының сапында 21 қарашаға дейін 15 спорт түрінен 98 отандасымыз (48 ер, 50 әйел) жүлдеге таласады.