Қазақстан мен Ресей статистика саласындағы ынтымақтастықты күшейтті
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы Ресейдің Федералдық мемлекеттік статистика қызметі – Росстат делегациясымен статистика саласын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі күнге созылған жұмыс сапары 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасы аясында өтті.
Кездесулерде статистика жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар бағыт қаралды. Атап айтқанда, кадрлық әлеуетті дамыту, корпоративтік мәдениетті жетілдіру, ресми статистиканы кеңінен таныту және халықтың статистикалық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар тараптар статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіру және осы бағыттағы тәжірибе алмасу мәселелеріне назар аударды.
Жұмыс сапары екі елдің статистика саласындағы кәсіби байланыстарын нығайтып, озық тәжірибелерді өзара алмасуға мүмкіндік берді.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, азық-түлік тауарының бағасы 46 позиция бойынша төмендегенін жаздық.