Қазақстан мен Ресей президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Ресей президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Фото: Ақорда видеосының скрині

Қазақстан мен Ресей президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге бірқатар сауда-экономикалық жоба, Амур жолбарыстарын Қазақстанға жерсіндіру, жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы, «Сириус» мектебі бастамаларын таныстырды.

Бұдан кейін президенттер келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдап, БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізеді.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.