Референдум-2026

Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» ғарыш жобасының келешегін талқылады

Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» ғарыш жобасының келешегін талқылады
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Байқоңыр ғарыш айлағында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановпен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ЖИЦДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар бірлескен қазақстандық-ресейлік «Бәйтерек» жобасының іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ 2026 жылғы 30 сәуірде «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен SUNKAR («Союз-5») зымыран-тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымының сәтті өткенін атап өтті.

Бұдан бөлек, кездесуде жобаны одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер, «Байқоңыр» кешені жөніндегі Үкіметаралық комиссияның шешімдері мен тапсырмаларын орындау, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын дамыту және Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары қарастырылды.

Бұған дейін Қазақстан мен NASA бірлескен зерттеулер мен инновациялық технологияларды дамытуға ниетті екенін жазған болатынбыз.