Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианмен халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасқанын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианмен халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасқанын айтты
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Иран халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығын алдағы уақытта да жалғастыра беретінін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

"Қарулы қақтығыстардың, санкциялық қысымдар мен сауда соғыстарының ушыға түскеніне алаңдаушылық білдірдік. Халықаралық ұйымдардың беделі төмендеп кеткеніне қатысты ой бөлістік. Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін күшейту, оның қарарлары мен жарғыларын қатаң сақтау, халықаралық құқық үстемдігін ілгерілету және әділдік қағидаттарына берік болу туралы ортақ ұстанымға келдік. Біз барлық текетірестер мен жанжалдарды дипломатиялық келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешу қажет екенін атап өттік. Қазақстан мен Иран халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығын алдағы уақытта да жалғастыра береді", – деді Қазақстан Президенті.