Қасым-Жомарт Тоқаев alem.ai battle ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Бүгін, 16:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаев alem.ai battle ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы alem.ai battle ұлттық байқау жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

alem.ai battle жарысының жеңімпаздары төрт аталым бойынша анықталды:

– AI Young Talents – ағзадағы глюкоза мөлшерін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі;

– AI Driving Power – мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі;

– AI Innovators – ЖИ арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға арналған Robio диагностикалық қолғабы;

– Future Builders – ЖИ-модельдерін үйретуге қолданылатын сапалы деректерді жинауға және қалыптастыруға арналған NCSPEECH стартап сервисі.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы күзде елімізде Astana AI Film Festival атты халықаралық байқау ұйымдастырылатынын айтты.