Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкері самбодан Азия кубогының жүлдегері атанды
Қарағанды облысы Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасының қызметкері Ахмедин Жанқуат cамбодан өткен Азия кубогында екінші орынға ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аталған халықаралық жарыстарға Азия елдерінің ең мықты самбошылары қатысты. Ахмедин Жанқуат турнирдің барлық кезеңдерінен сенімді түрде өтіп, спорттық дайындықтың жоғары деңгейін, табандылық пен жеңіске деген жігерін көрсете отырып, күміс жүлдегер атанды.
Қызметтік міндеттерді атқарумен қатар кәсіби спортпен айналысу жоғары жеке тәртіп пен жауапкершілікті талап етеді. Спортшының бұл жетістігі Қарағанды облысы үшін маңызды оқиға, жастарға лайықты үлгі болды.
Қарағанды облысында спортты дамытуға және дарынды спортшылардың аймақтық және халықаралық деңгейде өздерін көрсетулеріне жағдай жасалып, қолдау көрсетіледі.