Пхукетте қазақстандықтар отырған қайық суға батып кетті

Пхукетте қазақстандықтар отырған қайық суға батып кетті
Фото: видеодан алынған скрин

Қайықта Қазақстанның 8 азаматы болған. Олардың  үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Ekordainfo.kz.

«Қайықта Қазақстанның 8 азаматы болған. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта 3 ҚР азаматы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында. Олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Шығындар сақтандыру компаниясы тарапынан өтелуде. Консул азаматтармен тұрақты байланыс орнатып, қажетті қолдау көрсетіп отыр», - деп хабарлады ҚР СІМ.

Таиландтың туристік полициясының мәліметінше, Андаман теңізінде апатқа ұшыраған қайық портында 55 адам болған. Оның 52-сі – турист, 3-уі – экипаж мүшесі. Қайықта Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Польша және Ұлыбританиядан барған туристер де болған. Бортта барлығы 33 ресейлік, төрт Өзбекстан азаматы және екі Қырғызстан азаматы болған.

Пхукеттегі Ресей Бас консулдығының мәліметі бойынша, апат салдарынан 18 жастағы ресейлік қыз көз жұмған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматы Пхукетте суға батып кеткен еді.