Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінімдер қабылдау басталады

Бүгін, 15:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінімдер қабылдау басталады
Фото: istockphoto.com

16 наурызда қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа үміткерлерден өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Сыйлық жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында биыл төртінші рет тағайындалып отыр.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана өтінім жолдауы тиіс.

Өтінімді 16 наурыз бен 16 маусым аралығында қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.

Қосымша ақпаратты +7 707 525 24 54, 8(7172)740407; 740384; 740408 нөмірлері бойынша алуға болады.