Президент Зұлфұхар Ғайыповқа ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады

17 наурыз, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Президент Зұлфұхар Ғайыповқа ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады
Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры Зұлфұхар Ғайыповқа ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Зұлфұхар Сұлтанұлы еңбек жолын оқытушы ретінде бастаған. Кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік универистетінде деканның орынбасары, ҚР Білім министрлігінің Ғылым және білім саласын бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласының Көлік және коммуникациялар колледжінің директоры, Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры болып қызмет етті.

Қазіргі таңда ол Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры және Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Қазақстан Республикасының білім үздігі, саяси ғылымдарының докторы, доцент.

Бұған дейін Президенттің бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстағанын жазғанбыз.