04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент Қызылордадағы Өнер орталығына барды

|
Photo: Фото: Ақорда
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент Қызылордадағы Өнер орталығына барды

|
Photo: Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы көрермен залын аралап көріп, облыстық симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мың орынға арналған көп функционалды Өнер орталығы былтыр ашылған. Кең әрі заманауи үлгідегі ғимарат құрылысына 3,7 миллиард теңге жұмсалған.

Мұнда концерттер, шығармашылық кештері мен түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталықта бірнеше шығармашылық ұжым орналасқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдан бері облыста 18 мәдениет нысаны ашылғаны туралы мәлімет берілді. Соның ішінде 7 заманауи «Руханият» орталығы, музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен шалғай елдімекендерде мәдениет үйлері салынды.

Әкімдік мәдениет саласы қызметкерлерін баспанамен қамту, мамандардың біліктілігін арттыру және озық тәжірибені енгізу бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗