Президент альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін, 13:23
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін», - делінген Президент Жарлығында.