Президенттің өкімімен Марат Әзілханов атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Марат Алмасұлы 1965 жылы 3 қаңтар, Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген.
1988 жылы – Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, 2000 жылы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын, 2019 жылы – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
1988 - 1989 жылдары – Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігері;
1989 - 1992 жылдары – Қызылорда қалалық №5 емханасының хирург дәрігері;
1992 - 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарындағы қызметі;
2011 - 2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары;
2013 - 2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы;
2014 - 2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі
2016 - 2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы
2018 - 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы
2019 - 2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі
2021 жылғы сәуірден қазірге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі
Еске салсақ, Ерлан Қарин ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.