04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент Бектеновке Үкіметтің экономикалық бағдарламасын іске асыруға қатысты тапсырма берді

|
Photo: Фото: akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент Бектеновке Үкіметтің экономикалық бағдарламасын іске асыруға қатысты тапсырма берді

|
Photo: Фото: akorda.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды», - деп жазды Руслан Желдібай.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗