Президент әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шенін тапсырды

Президент әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шенін тапсырды
Фото: Ақорда

Елордадағы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімі аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және арнаулы жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шенін тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Іс-шара аясында С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы, Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Ұлттық ұлан академиясы, М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шені тапсырылды», – делінген Ақорданың мәліметінде.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі Санжар Ақбергенов алдағы қызметінде Заң мен тәртіп қағидатын ұстануға дайын екенін жеткізді. 

 

Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі Никита Кадочников Конституция құндылықтарын сақтау жолында адал қызмет етуге ант етті. 

Бұған дейін іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қазақстандағы президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадан бастау алатынын айтқан болатын.