Пойыз билеттері 25% көктемгі жеңілдікпен сатылады

Пойыз билеттері 25% көктемгі жеңілдікпен сатылады
Фото: Жолаушылар тасымалы компаниясы

Сәуір айында сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша пойыз билеттері 25% көлемінде көктемгі жеңілдікпен сатылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап. 

Ұлттық тасымалдаушы жеңілдіктерді үш бағытта қолданды және оны алу үшін жол жүру құжаттарын ресімдеудің бекітілген талаптары сақтау қажет. 

Жолаушыларға келесі бағыттарда жоғарғы орындарға 25% жеңілдік беріледі:
• № 105/106 «Петропавл – Алматы»
• № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады.

Қосымша № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағытында турист вагондарына 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта жеңілдік билетті 15-45 күн бұрын сатып алған жағдайда ұсынылады. Ол тек 2Д, купе санатындағы вагондарда төменгі және жоғарғы орындарға ғана қолданылады.

Еске салсақ, пойызда немесе вокзалда затын ұмытып кеткен жолаушы мына нұсқаулық бойынша әрекет етуі қажет.