Павлодар мұнай зауытын жөндеу жұмыстары келесі жылға ауыстырылды
Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы алдын алу жұмыстары келесі жылға қалдырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Ұлттық компанияның мәлімдеуінше, мұнай өнімдерін тұрақты өндіру үшін және маусымдық сұраныс жоғары болатын кезде ішкі нарыққа мұнай өнімдерінің тоқтатпау үшін, сондай-ақ жергілікті деңгейде жанармай тапшылығының туындау қатерін азайту үшін Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары 2026 жылдан 2027 жылға ауыстырылған.
«Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге тоқтамай, үздіксіз жұмыс істеуін көздейтін үш жылдық жөндеуаралық циклге көшті. Бұдан бөлек, Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттарында кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге көшу жұмысы жан-жақты жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Сонымен қатар зауыттардың өндірістік қуатын кеңейту жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін және Павлодар мұнай-химия зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін ұлғайтудың жобалық құжаттамасы әзірленуде.
Еске сала кетсек, Премьер-министр жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.