Оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
12 наурыз, 2026
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
19-29 наурыз аралығында оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде арнайы іс-шаралар жүзеге асырылады.
Демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар «Таза Қазақстан» , «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп» бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады, сондай-ақ дәстүрлі «Жер сағаты» акциясына атсалысады.
Ведомство балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да бірқатар іс-шара жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Астана мен Алматы халықаралық білім беру хабы ретіндегі позициясын нығайтып келеді
31 шілде, 2026
Қазақстан құрамасы EJOI 2026 олимпиадасында үш медаль иеленді
31 шілде, 2026
Қазақстанда оқуға 550 шетел азаматына білім беру гранты тағайындалды
31 шілде, 2026
450 мыңға жуық бала мектепке дайындалуға көмек алады - Оқу-ағарту министрлігі