Олжас Бектенов Президент төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында конституциялық реформаның маңызын атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз жариялаған конституциялық реформа еліміздің әлеуетін нығайтып, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың сапасын арттыратыны анық. Сондай-ақ ол жаңа сын-қатерлерге бейімделуге мүмкіндік береді.
Сіз Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында орнықты әрі сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді айқындап бердіңіз.
Үкімет елімізді ауқымды жаңғыртуға бағытталған мақсат-міндеттерді тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуға дайын», - деді Олжас Бектенов.