Олжас Бектенов: Астана барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім көрсетті

Бүгін, 11:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Олжас Бектенов: Астана барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім көрсетті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар облыста макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы өсуімен жекелеген бағыттар бойынша төмендеу тіркелгенін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өңірлерге келетін болсақ. Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім көрсетіп отыр.

Бірақ кейбір өңірлер жоспарлы өсімді қамтамасыз ете алған жоқ.

Ақмола облысында үш көрсеткіш, Атырау облысында төрт көрсеткіш төмендеген», - деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Көрсеткіштердің төмендеуі байқалған Атырау және Ақмола облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

«Өңір әкімдеріне қалыптасқан жағдайға жан-жақты талдау жүргізіп, қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын.

Барлық өңірлер негізгі көрсеткіштерді тұрақты бақылауда ұстасын, олардың төмендеуіне мүлде жол беруге болмайды», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еске сала кетейік, I тоқсанда мемлекеттік бюджет кірісі 17 пайызға өсті.