Мәди Такиев: I тоқсанда мемлекеттік бюджет кірісі 17 пайызға өсті

Бүгін, 11:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мәди Такиев: I тоқсанда мемлекеттік бюджет кірісі 17 пайызға өсті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы мемлекеттік қаржының атқарылу барысы қаралды. Негізгі баяндаманы қаржы министрі Мәди Такиев жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның мәлімдеуінше, трансферттерді есептемегенде мемлекеттік бюджеттің кірісі 6,4 трлн теңгені құраған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 931 млрд теңгеге артық.

Нақтырақ айтқанда, ол республикалық бюджет 4,2 трлн теңге түсімді қамтамасыз ете отырып, 102%-ға атқарылғанын атап өтті. Түсімге сыртқы факторлар айтарлықтай әсер етті: мұнайдың орташа бағасы барреліне $80,6 болғанда, экспорттық кедендік баж салығы бойынша қосымша 40,5 млрд теңге өндірілді. Сонымен қатар теңге бағамының неғұрлым күшеюі (540 болжам бойынша бір доллар үшін 497,7) республикалық бюджет кірісін 146 млрд теңгеге шектеді.

«Есепті кезеңде мемлекеттік қаржының тұрақтылығы, барлық әлеуметтік міндеттемелерді уақтылы қаржыландыру, өңірлерді қолдау қамтамасыз етілді. Толық көлемде және басым тәртіппен мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру 1,8 трлн теңге көлемінде қамтамасыз етілді. Негізгі басымдық – қаражатты қарапайым игеруден қаржыландыруға көшу», - деді Мәди Такиев.

Еске сала кетейік, БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті.