Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жыл басынан бері БЖЗҚ зейнетақы активтері 2,6%-ға өсіп, 25,8 трлн теңгеге жетті.
Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бері инвестициялық кіріс көлемі 271,4 млрд теңгені құрағанын атап өтті.
Еске сала кетейік, Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытынды мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.