Олимпиада ойындарында шаңғы жарыстары басталды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарыстары басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Бірінші күннің бағдарламасында әйелдер арасында скиатлон сайысы (10 шақырым + 10 шақырым) өтті. Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы жарыс жолына шықты. Ксения Шалыгина 53-орынға табан тіресе, Надежда Степашкина 60-орынды иеленді.
Олимпиаданың алтын жүлдесін Швеция спортшысы Фрида Карлссон жеңіп алды. Екінші орында да швециялық Эбба Андерссон тұрса, қола жүлде Норвегия өкілі Хейди Венгке бұйырды.
Бүгін кешке сағат 20:00-де 3 мың метрге конькимен жүгіру жарысында Надежда Морозова мен Елизавета Голубева бақ сынайды.
Айта кетерлігі, ұлттық құрама спортшылары қатысатын барлық жарысты Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Оқырмандар назарына 2026 жылғы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың жарыс жолына шығатын кестені ұсынамыз.