Милан Олимпиадасында отандастарымыз қай уақытта өнер көрсетеді
6–22 ақпан аралығында Миланда және Италияның солтүстігіндегі қалаларда XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Осы орайда Elordainfo.kz сайты 2026 жылғы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың уақыт кестесін ұсынады.
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында 10 спорт түрі бойынша 36 қазақстандық спортшы медальға таласады. Қазақстандық спортшылар жүлделер үшін алғашқы жарыс күнінен бастап, яғни 7 ақпанда күреске кіріседі. Бұл күні қазақстандықтар әйелдер арасындағы шаңғы жарысы мен конькимен жүгіру спортында медальдар үшін сынға түседі.
6 ақпан
23:50 Ашылу салтанаты
7 ақпан
17:00 Шаңғы жарысы. Скиатлон, әйелдер (Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко)
20:00 Конькимен жүгіру. 3 000 м, әйелдер (Надежда Морозова, Елизавета Голубева)
8 ақпан
16:30 Шаңғы жарысы. Скиатлон, ерлер (Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков)
18:00 Биатлон. Аралас эстафета (Владислав Киреев, Әсет Дюсенов, Айша Рақышева, Милана Генева)
9 ақпан
20:00 Конькимен жүгіру. 1 000 м, әйелдер (Надежда Морозова, Елизавета Голубева)
23:00 Шаңғымен тұғырдан секіру. Орташа трамплин, ерлер (Илья Мизерных, Данил Васильев)
10 ақпан
13:15 Шаңғы жарысы. Спринт, ерлер мен әйелдер
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков)
14:30 Шорт-трек. 500 м (іріктеу), аралас эстафета
(Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова)
15:15 Фристайл-могул. Ерлер, іріктеу (Павел Колмаков)
17:30 Биатлон. 20 км, ерлер (Владислав Киреев, Әсет Дюсенов)
18:15 Фристайл-могул. Әйелдер, іріктеу
(Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова)
22:30 Мәнерлеп сырғанау. Ерлер, қысқа бағдарлама (іріктеу)
(Михаил Шайдоров)
11 ақпан
14:00 Шаңғы қоссайысы. (Шыңғыс Ракпаров)
15:00 және 18:15 Фристайл-могул. Әйелдер, жеке могул
(Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова)
18:15 Биатлон. 15 км, әйелдер (Айша Рақышева, Милана Генева)
12 ақпан
14:00 және 18:15 Фристайл-могул. Ерлер, жеке сайыс (Павел Колмаков)
15:30 Тау шаңғысы. Супер-гигант.Әйелдер (Анастасия Скороходова)
17:00 Шаңғы жарысы. 10 км, әйелдер
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко)
20:30 Конькимен жүгіру. 5 000 м, әйелдер (Надежда Морозова)
13 ақпан
00:15 Шорт-трек. 500 м, әйелдер; 1 000 м, ерлер
(Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова)
15:45 Шаңғы жарысы. 10 км, ерлер
(Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков)
18:00 Биатлон. 10 км, ерлер (Владислав Киреев, Әсет Дюсенов)
23:00 Мәнерлеп сырғанау. Ерлер, еркін бағдарлама
(Михаил Шайдоров)
14 ақпан
14:00 Тау шаңғысы. Алып слалом, ерлер (Ростислав Хохлов)
14:30 Фристайл-могул. Әйелдер, параллельді могул
(Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова)
16:00 Шаңғы жарысы. Командалық эстафета, әйелдер
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко)
18:45 Биатлон. 7,5 км, әйелдер (Айша Рақышева, Милан Генева)
20:00 Конькимен жүгіру. Командалық жарыс, әйелдер (іріктеу)
(Надежда Морозова, Арина Ильященко, Кристина Силаева,
Елизавета Голубева)
21:00 Конькимен жүгіру. 500 м, ерлер (Евгений Кошкин)
22:45 Шаңғымен тұғырдан секіру. Үлкен трамплин, ерлер
(Илья Мизерных, Данил Васильев)
15 ақпан
00:55 Шорт-трек. 1000 м, әйелдер (іріктеу)
(Ольга Тихонова)
14:00 Тау шаңғысы. Алып слалом, әйелдер (Анастасия Скороходова)
14:30 Фристайл-могул. Ерлер, параллельді могул (Павел Колмаков)
15:15 Биатлон.12,5 км, ерлер
(Владислав Киреев, Әсет Дюсенов)
18:45 Биатлон. 10 км, әйелдер (Айша Рақышева, Милана Генева)
21:03 Конькимен жүгіру. 500 м, әйелдер (Кристина Силаева, Надежда Морозова)
16 ақпан
14:00 Тау шаңғысы. Слалом, ерлер (Ростислав Хохлов)
15:00 Шорт-трек. 500 м, ерлер (іріктеу); 1 000 м, әйелдер
(Денис Никиша, Абзал Әжғалиев)
23:00 Шаңғымен тұғырдан секіру. Үлкен трамплин, Командалық жарыс. Ерлер
(Илья Мизерных, Данил Васильев)
17 ақпан
14:00 Шаңғы қоссайысы. (Шыңғыс Рақпаров)
14:45 Фристайл-акробатика. Ерлер мен әйелдер, іріктеу
(Аяна Жолдас, Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев,
Дінмұхаммед Раимқұлов, Роман Иванов)
18:52 Конькимен жүгіру. Командалық жарыс, әйелдер
(Надежда Морозова, Арина Ильященко, Кристина Силаева,
Елизавета Голубева)
22:45 Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер, қысқа бағдарлама (іріктеу)
(Софья Самоделкина)
18 ақпан
13:45 Шаңғы жарысы. Командалық спринт, ерлер мен әйелдер
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник,
Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало,
Наиль Башмаков)
14:00 Тау шаңғысы. Слалом, әйелдер (Анастасия Скороходова)
15:30 Фристайл-акробатика. Әйелдер (Аяна Жолдас)
19 ақпан
00:15 Шорт-трек. 500 м, ерлер (1/4 және ½ финал)
15:30 Фристайл-акробатика. Ерлер
(Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев,
Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов)
23:00 Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер, еркін бағдарлама
(Софья Самоделкина)
20 ақпан
18:15 Биатлон. 15 км, масс-старт, ерлер
(Владислав Киреев, Әсет Дюсенов)
20:30 Конькимен жүгіру. 1500 м, әйелдер
(Надежда Морозова, Елизавета Голубева)
21 ақпан
00:15 Шорт-трек. 1500 м, әйелдер
(Яна Хан, Ольга Тихонова)
14:45 Фристайл-акробатика. Ерлер
(Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев,
Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов)
15:00 Шаңғы жарысы. 50 км, ерлер, масс-старт
(Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков)
18:15 Биатлон. 12,5 км, масс-старт, әйелдер
(Айша Рақышева, Милана Генева)
19:50 Конькимен жүгіру. Масс-старт, әйелдер
(Надежда Морозова)
22 ақпан
14:00 Шаңғы жарысы. 30 км, әйелдер, масс-старт
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко)
23:50 Жабылу салтанаты
Еске салсақ, ҚР Президенті Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды.