Миланда XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ресми түрде XXV қысқы Олимпия ойындары басталды. Төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанаты Миландағы «Сан-Сиро» стадионында өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттер шеруінде Қазақстанның көк байрағын Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әміренова (фристайл-могул) ұстап шықты.


Биылғы Олимпиаданың басты ерекшеліктерінің бірі – ашылу рәсімінің бір мезетте төрт жерде өтуі. Денис Никиша Милан қаласындағы салтанатқа қатысса, Аяулым Әміренова шаңғы жарыстарын қабылдайтын Ливиньо коммунасындағы рәсімде болды. Сондай-ақ Олимпиада алауы алғаш рет екі жерде тұтанды: бірі Миландағы Салтанат қақпасында, екіншісі Кортина-д’Ампеццодағы Piazza Dibona алаңында. Ашылу рәсімі Armonia («Үйлесім») деп аталды.
Ұлттық құрама спортшылары қатысатын барлық жарысты Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.


Фотоларды түсірген Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов