Мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені құрады – Қаржы министрлігі
14 қазан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспарға сәйкес 102%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол өткен жылға қарай өсу қарқыны 116%-ға немесе 2,4 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түсті. Жоспар 97,3%-ға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.
«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды», - деді Мәди Такиев.
Ұқсас жаңалықтар
25 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Қытай инвестициялық жобалар бойынша келісімдерге қол қойды
25 қыркүйек, 2026
Қазақстанда көкөністер, жемістер және бірқатар өнімнің бағасы төмендеді
25 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Үндістан саудадағы жаңа мүмкіндіктерді талқылады
23 қыркүйек, 2026
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 62,7 млрд теңге міндеттемесін өтеді