Референдум-2026

Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады

Бүгін, 10:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады
Фото: akorda.kz

Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан.

Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған.

Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипені Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтады.