25.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

MEGA Silk Way әлемдегі үздік цифрлық қауіпсіздік жобаларының қатарына енді

|
Photo: MEGA Silk Way СОО / MEGA баспасөз қызметінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

MEGA Silk Way әлемдегі үздік цифрлық қауіпсіздік жобаларының қатарына енді

|
Photo: MEGA Silk Way СОО / MEGA баспасөз қызметінен

Қазақстандық сауда орталығының AI-талдау жобасы жақында Бангкокте өткен Hikvision Shaping Intelligence 2025 аясында жоғары бағаланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жаһандық саммит жыл сайын қауіпсіздік, ритейл және девелопмент салалары бойынша 180 елден келген 2 мыңнан астам кәсіби маманның басын қосады. 

Цифрлық жаңғырту аясында MEGA 470 млн теңге инвестиция бөліп, СОО аумағына AI-функционалы бар 730 камера орнатты. Бұл жүйе:

• келушілер ағынын талдайды;

• қараусыз қалған заттарды анықтайды;

• түтін мен өрт фактілерін тіркейді;

• ересектерсіз жүрген балаларды анықтайды;

• қалыптан тыс мінез-құлық сценарийлерін белгілейді және осы сынды басқа да қызметтерді орындайды.

Интеллектуалды аналитика қызметтердің дер кезінде, нақты уақыт режимінде әрекет етуіне мүмкіндік береді, бұл елордадағы ең көп баратын нысандардың біріндегі қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады.

Болжам бойынша, 2025 жылы MEGA Silk Way-ге 19 млн адам келеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға көп.

СОО-ның цифрлық жаңғыртылуы бүгінгі күні ел деңгейінде басым бағыт болып отырған жоғары технологиялық инфрақұрылым нысандарын салу және адамдар көп жиналатын орындарда цифрлық сервистерді дамыту сынды міндеттермен толық үндеседі.

Бангкокте өткен Hikvision Shaping Intelligence саммитінің жеңімпаздары мен ұйымдастырушылары. Фото: Hikvision Global

Қазақ Цифрландыру саласындағы халықаралық бағалау СОО-ның кәсіби марапаттар қоржынын толықтыра түсті. Бұған дейін MEGA Silk Way келесі беделді жүлделерге ие болған:

● Asia Pacific Property Awards, Сингапур – «Қазақстандағы ритейл және ойын-сауық саласының ең үздік нысаны»;

● Your BREEAM Award, Лондон, Ұлыбритания – тиімді әрі тұрақты инженерлік шешімдері үшін;

● International Property Awards, Лондон, Ұлыбритания – ритейл саласындағы ең үздік архитектуралық концепциясы үшін.

Компанияда қауіпсіздік технологияларын дамыту MEGA-ның ұзақмерзімді стратегиясының маңызды бөлігі екені ерекше атап өтіледі. Желі инженерлік шешімдерге, цифрлық аналитикаға және инфрақұрылымға жүйелі түрде инвестиция салуда. Мұндай тәсіл пайдалану процестерін оңтайландыруға және кәсіби нарық қатысушылар мен мемлекеттік органдар бағдарланатын жоғары стандарттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Үздік цифрлық трансформация жобасы» аталымындағы марапат. Фото: MEGA баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗