Референдум-2026

Мәулен Әшімбаев: Абай мұрасы интеллектуалды ұлт қалыптастыруға негіз болады

Бүгін, 12:05
Думан Аманжол Думан Аманжол
Мәулен Әшімбаев: Абай мұрасы интеллектуалды ұлт қалыптастыруға негіз болады
Фото: facebook.com/m.ashimbayev

Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Парламенті Сенатының бұрынғы төрағасы, қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаев көпшілікті айтулы күнмен құттықтап, Абай мұрасының қазіргі қоғам үшін маңызына тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, Абай күні – ұлы ақынның шығармашылығын дәріптеп, халықты білім мен ғылымға, әділдік пен жауапкершілікке, еңбекқорлық пен зияткерлікке үндейтін ерекше күн.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ойшылдың өсиеттерін кеңінен зерделеп, насихаттау интеллектуалды ұлт қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта қолға алынған игі бастамалар Абай аманатын бүгінгі заман талабымен сабақтастырып, қоғамның рухани әлеуетін нығайтуға қызмет етіп отыр.

Алдағы уақытта да ақынның тағылымы ұлттық бірегейлігімізді арттыруға өз септігін тигізе берсін!

Абай күні құтты болсын» – деді ол.