Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады
Қазақстанда мамыр айында дәстүрлі түрде бірнеше маңызды мереке атап өтіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.
Олардың қатарында:
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні
9 мамыр — Жеңіс күні
Сондай-ақ биыл Құрбан айт мерекесі қосылып отыр.
Мамырдағы мерекелерге байланысты демалыс күндері келесідей бөлінді:
1–3 мамыр — қатарынан 3 күн демалыс (жұма, сенбі, жексенбі)
7 мамыр — 1 күндік демалыс (бейсенбі)
9–11 мамыр — 3 күн (сенбі, жексенбі, дүйсенбі)
Құрбан айт (27 мамыр) — 1 күн демалыс (сәрсенбі)
Сонымен қатар, барлық сенбі және жексенбі күндері де демалыс ретінде есептеледі.
Жалпы алғанда, 5 күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мамыр айында 14 күн демалыс болады (мерекелік және демалыс күндерін қоса есептегенде).