Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Португалия ойынын қайдан көруге болады
26 қыркүйек, 2024
Фото: kff.kz
Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңі аясында Португалияға қарсы ойнайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аталмыш турнирдің D тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы 7 ұпай еншілеп, екінші орынмен плей-оффқа шыққан болатын.
Алғашқы ойында Испаниямен 1:1 есебімен тең түссе, Ливияны 4:1 есебімен жеңген еді. Ал Жаңа Зеландияға қарсы үшінші ойында 10:0 есебін тіркеп, ірі жеңіске қол жеткізген болатын.
Матч Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Айта кетейік, әлем чемпионатының ширек финалы 29-30 қыркүйекте, жартылай финалы 2-3 қазанда өтеді. Ал ақтық сын 6 қазанда Ташкентте өтеді деп жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
14 маусым, 2026
Қазақстан Қытайда өткен триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
14 маусым, 2026
Бүгін елордада Phygital Contenders Astana 2026 чемпиондары анықталады
14 маусым, 2026
Ұландық спортшы панкратионнан Азияның үш дүркін чемпионы атанды
12 маусым, 2026
Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды