02.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«КТЖ – Жүк Тасымалы» компаниясы 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

|
Photo: ҚТЖ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«КТЖ – Жүк Тасымалы» компаниясы 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

|
Photo: ҚТЖ

«КТЖ – Жүк Тасымалы» компаниясы 1,42 млрд теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлады  Elordainfo.kz.

Астана қаласы бойынша  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұлттық тасымалдаушының еншілес компаниясына қатысты жүргізілген тексеруді аяқтады.

Тексеру  Қазақстан ұлттық экспедиторлар және Қырғыз Республикасы экспедиторлар қауымдастықтарының түскен шағымдардан кейін басталған болатын.

Тексеру барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС жүк тасымалдау жоспарларын құру кезінде өзіне қарасты  «KTZ Express» АҚ және «Кедентранссервис» АҚ-қа басымдық бергені анықталды.

Аталған әрекеттер «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС тарапынан монополиялық жағдайды теріс пайдаланушылық ретінде танылды.

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік бюджет кірісіне 1,42 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда Акционерлік қоғам айыппұлды толық көлемде төледі.

Бұған дейін Кореяда заңсыз жұмыс істеген қазақстандықтарға елден шығу үшін айыппұл салынбайтынын жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗