Крещение рәсімі: Елордада құлшылық және бұқаралық іс-шаралар өтеді
Православие дәстүріндегі «Крещение Господне» діни мерекесі рәсімі қарсаңында елордада бірқатар құлшылық және бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы Коммуникациялар Қызметіне сілтеме жасап.
Биыл «Крещение Господне» діни мерекесі рәсімі 18-19 қаңтар күндері елорданың барлық православие шіркеулерінде өткізіледі. Негізгі құлшылық рәсімдері Успен кафедралды соборында, Константино-Еленин шіркеуінде және Серафим Саровтың шіркеуінде болады. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін уәкілетті қызметтер тарапынан барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Діни шеруі және суды қасиеттеу
18 қаңтар күні сағат 19:00-де Республика даңғылы, 12 мекенжайында орналасқан Константин-Еленинский соборынан, Ғұмар Қараш көшесі бойымен Есіл өзеніне дейін діни шеру (Крестный ход) өтеді. Осы жерде суды ұлы қасиеттеу рәсімі орындалады.
Шомылуды ұйымдастыру
Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзеңінің сол жағалауындағы «Астаналық» саябағының жағалауында (орталық жағажай) орнатылды. Орындарда 18 қаңтар күні сағат 20:00-дан бастап 19 қаңтар 02:00-ге дейін шомылуға болады.
Дәстүрлі шомылу рәсімі 19 қаңтар таңғы 8:00-ден сағат 23:00-ге дейін жалғасады. Барлық шомылу орындары қауіпсіз баспалдақтармен және қоршаулармен жабдықталады. Азаматтардың қолайлылығы үшін аумақ жарықтандырылады. Сондай-ақ, қатысушыларға арналған жылыту пункттері ұйымдастырылады.
Қауіпсіздік шаралары
Шара барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің қызметкерлері тартылады. Сонымен қатар, шомылу орындарында жедел медициналық жәрдем бригадалары кезекшілік етеді. Құтқару қызметі судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылап, медициналық қызметкерлер қатысушыларға жедел көмек көрсетуге дайын болады.
Тұрғындарға арналған ұсынымдар
Ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, мұздай суға түсер алдында өз денсаулық жағдайын объективті бағалауға және құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындауға шақырады.
Бұған дейін Крещение рәсімі кезінде Астанада қай орындарда және қашан мұзды суға түсуге болатыны жаздық.