24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға қанша жәрдемақы төленеді

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға қанша жәрдемақы төленеді

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Жыл басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 846,5 мың отбасы жалпы сомасы 501,8 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 603 мың отбасы 436,5 млрд теңге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 243,4 мың адам 65,2 млрд теңгеге қамтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қазан айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 835,2 мың отбасы жалпы сомасы 52 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 590 мың отбасы 45,4 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 245,1 мың адамға 6,6 млрд теңге мөлшерінде қамтылған.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;

«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗