Конституциямыз ел тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып жатыр – Ерлан Қарин

Конституциямыз ел тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып жатыр – Ерлан Қарин
Фото: Конституциялық сот

Конституциямыз ел тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып жатыр. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Kazinform-ге сілтеме жасап.

Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституцияның мәтіні аударма еместігін айтты.

«Жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасы – бұл аударма емес. Қолдарыңыздағы қазіргі жоба – о бастан мемлекеттік тілдің мүддесі тұрғысынан жазылған жоба. Екі ұшты мәселелер туындаған кезде әуелі қазақ тіліндегі нұсқа назарға алынып отыр», -деді Ерлан Қарин.

Ол мұны қазақ тілінің заң тілінен айналу деп бағалады.

«Яғни, ел тарихында тұңғыш рет Конституциямыз басынан аяғына дейін құқықтанушылар мен тіл мамандарының бірлесіп жұмыс істеуімен мемлекеттік тілде әзірленіп жатыр.Бұл – қазақ тілінің заң тіліне айналғанын, аясы кеңейіп, өркендегенін көрсетеді. Енді мемлекеттік тілдегі нұсқаны әзірлеу барысында мынадай ұстанымдар қолданылды, - деді Мемлекеттік кеңесші.