Конституция жобасын талқылауға ерекше белсенділік танытқанына куә болдық – Назгүл Мақжан

Конституция жобасын талқылауға ерекше белсенділік танытқанына куә болдық – Назгүл Мақжан
Фото: Назгүл Мақжанның жеке парақшасынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгін елімізде жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Осыған қатысты Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Соңғы айларда бәріміз қоғамның шын мәнінде бірігіп, Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылауға ерекше белсенділік танытқанына куә болдық. Ашық диалогтар, кездесулер, сарапшылар мен қарапайым азаматтардың пікірлері халықтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Өзім осындай үдерістерге 10 жылдан астам уақыт бойы қатысып келемін, бірақ мұндай жоғары белсенділікті бұрын-соңды көрмеген едім. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы шешім – осы ауқымды әрі жан-жақты қоғамдық талқылаудың нәтижесі. Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, мемлекеттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік алады. Баршаңызды Конституция жобасымен мұқият танысып, дауыс беруге саналы түрде қатысуға шақырамын. Ел болашағы – біздің ортақ жауапкершілігіміз бен бірлігімізге байланысты», - деп жазды Назгүл Мақжан.

Айта кетейік, бүгін елімізде жаңа Конституцияның жобасы жариялавды.