Исатай Мінуаров: Жаңа Конституцияда мәдени мұра институционалдық деңгейде қорғалады

Бүгін, 12:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Исатай Мінуаров: Жаңа Конституцияда мәдени мұра институционалдық деңгейде қорғалады
Фото: видеодан скрин/youtube.com/@tv24kz

«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» сараптамалық алаңында әлеуметтанушы Исатай Мінуаров ұлттық мәдени мұра мен құндылықтардың конституциялық деңгейде қорғалуының маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Әлеуметтанушының пікірінше, жаңа Конституция жобасы мәдени мұра, ұлттық құндылықтар, тіл мәселесі және қазба байлықтар сияқты әлеуметтік маңызды бағыттарды қамтиды.

«Реформа толығымен мәдени мұра, ұлттық құндылықтар, тіл мәселесі, қазба байлықтар секілді бірқатар әлеуметтік өзекті мәселелерді қамтыған. Мысалы, мәдени мұра мәселесінің конституциялық тұрғыдан бекітілуі – біздің ұлттық құндылықтарымыздың, мәдени байлығымыздың институционалдық деңгейде қорғалуының үлкен кепілі», – деді Исатай Мінуаров.

Сарапшы бұл қадамның ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи сабақтастықты сақтау мен мәдени құндылықтарды жүйелі қорғауға құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.