Иран Президенті: «Өзара сауда-саттықты 3 миллиард долларға дейін жеткізуге күш саламыз»

11 желтоқсан, 2025
Бақытжан Отарбаева Бақытжан Отарбаева
Иран Президенті: «Өзара сауда-саттықты 3 миллиард долларға дейін жеткізуге күш саламыз»
Фото: akorda.kz

Масуд Пезешкиан иран-қазақ қатынастары тереңнен тамыр тартатынына тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Екі ел арасындағы байланыстар Ұлы Жібек жолы дәуірінен бастау алады. Тәуелсіздік алғанға дейін де Қазақстанмен арадағы қарым-қатынас үзілген жоқ. Сіздің еліңізбен ынтымақтастық біз үшін өте маңызды. Үкіметаралық, ведомствоаралық ықпалдастық жолға қойылған. Көптеген халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша қос мемлекеттің ұстанымы ұқсас. Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы аясында тығыз әрекет етеміз. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту – ортақ міндет. Қазақстанмен арадағы тауар айналымы 40 пайызға артты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Бұдан бұрын өзара сауда-саттықты 3 миллиард долларға дейін жеткізуге уағдаласқан едік. Осы келісімді жүзеге асыруға күш сала береміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында жасалған еркін сауда келісімі екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге берік негіз қалайды, – деді Иран Президенті.