Референдум-2026

INVEST CARAVAN: «Нұра» ауданының прокуратурасы елордадағы инвестициялық жобаларды аралады

INVEST CARAVAN: «Нұра» ауданының прокуратурасы елордадағы инвестициялық жобаларды аралады
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині

INVEST CARAVAN акциясы аясында Астана қаласының «Нұра» ауданының прокуратурасы жүзеге асырылып жатқан бірқатар инвестициялық жобаларды аралады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астиана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Көшпелі кездесу барысында спорт, білім беру, денсаулық сақтау және логистика салаларында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар қаралды.
Прокурорлар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысып, инвесторлармен мемлекеттік органдардың қолдауын қажет ететін өзекті мәселелерді талқылады. Көтерілген әрбір мәселе бойынша одан әрі қабылданатын шаралар айқындалып, олардың бірқатары прокуратура органдарының өндірісіне алынды.

INVEST CARAVAN форматы әкімшілік кедергілерді жедел анықтап, жоюға, инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты қамтамасыз етуге, сондай-ақ елордада инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Астана қаласының прокуратурасы жанында инвесторлардың құқықтарын қорғауды және туындайтын мәселелерді жедел қарауды қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі Фронт-офис жұмыс істейді.