01.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді

|
Photo: freepik.com

Ұлттық статистика бюросының есебінше, қарашадағы айлық инфляция деңгейі 0,8% болды. Азық-түлік тауарларының ішінде қырыққабат 2,5%-ға, сәбіз – 2%-ға, қызылша – 1,4%-ға, қант – 1,3%-ға, апельсин – 1%-ға, күріш – 0,5%-ға арзандаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сондай-ақ кей азық түлік бағасы қымбаттаған. Тәтті бұрыш – 5,2%-ға, түсті қырыққабат – 5,1%-ға, лимон, шоколад – әрқайсысы 1,9%-ға, рожки бағасы – 0,4%-ға көтерілген.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында өткен айда қуат үнемдейтін шамның бағасы –1,7%-ға, елімізде құрастырылған жаңа автокөліктер – 1,2%-ға, қазан – 0,8%-ға төмендесе, смартфондар – 5,4%-ға, кір жуғыш машиналар – 2,5%-ға, төсек орын жинақтары – 0,5%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифі – 7,1%-ға, су бұру – 6,2%-ға, орталықтан жылыту – 4,9%-ға, электр энергиясы – 2,7%-ға төмендеді. Ал шет тілдерін оқыту курстары – 2,6%-ға, асханадағы түскі ас – 1,6%-ға, дәрігерге алғашқы қаралу сынды қызметтер – 0,7%-ға қымбаттаған.

Жылдық мәнде инфляция 2025 жылғы қарашада 12,4% құраған.

Азық-түлік тауарлары бойынша қызанақ жылдық мәнде – 8,1%-ға, күріш – 6,9%-ға, тәтті бұрыш – 1,2%-ға арзандаған. Керісінше жұмыртқа мен сарымсақ 3,9% – 3%-ға қымбаттаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде кір кептіргіш – 27,6%-ға, мұздатқыш – 14,6%-ға, үтіктеу тақтасы– 12%-ға арзандады. Ыдыс жууға арналған құралдар бағасының деңгейі – 7,7%-ға, қабырға кафелі – 6,2%-ға, электросамокат– 3,6%-ға өскен.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗