Гүлнар Бижанова: Жаңа Конституция жеке деректерді қорғауға кепілдік береді
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова цифрлық құқықтар мен киберқауіпсіздікті қорғауға ерекше мән берілген жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Біз үшін «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаты – бүкіл қоғамның тұрақты дамуының негізіне айналған Конституцияның негізгі құндылықтары.
Конституция жеке деректерді, банктік құпияны және зияткерлік меншікті қорғауға кепілдік береді, бұл азаматтардың да, бизнестің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Гүлнар Бижанова.
Ол Қазақстан цифрлық құқықтарды қорғау Негізгі заң деңгейінде бекітілетін әлемдегі санаулы елдердің бірі екенін айтты. Бұл белсенді цифрландыру және киберқылмыстың өсуі жағдайында ерекше маңызды.
Гүлнар Бижанова жаңа Конституция жобасы Қазақстанның дамуға, заң үстемдігін нығайтуға және тұрақты әрі әділ басқару жүйесін қалыптастыруға деген ұмтылысын көрсететінін атап өтті.
Бұған дейін «Атамекен» ҰКП өкілі жаңа Конституция жобасын қолдаған болатын.