Грант пен баспанаға қатысты жалған уәде: Талдықорғандық алаяқтың ісі сотқа жолданды
Талдықорған қаласында алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жетісу облысы Полиция департаментіні сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың көктемінде Талдықорған қаласының 29 жастағы келіншек өзін мемлекеттік қайтарымсыз ақшалай көмек — «грант» рәсімдеуге көмектесе аламын деп таныстырған.
2025 жылдың қаңтар айында алғашқы жәбірленушіден грант рәсімделетініне сендіріп, шілде айына дейін қолма-қол ақша және банк қосымшасы арқылы аударым бойынша шамамен 300 мың теңге алған. Алайда алған қаражатты жеке мақсатына жұмсаған.
2025 жылдың наурыз айында ол екінші жәбірленушіні тұрғын үй алуға көмектесемін деп алдаған. Шамамен 200 мың теңге алған. Уәде етілген баспана берілмеген.
Бұдан кейін үйде отырған аналарға балалардың жәрдемақысын бір жасқа дейін ұзартамын және қайтарымсыз мемлекеттік көмек рәсімдеймін деген желеумен тағы 10 адамды алдаған. Бір жыл бойы азаматтар шын мәнінде жоқ әлеуметтік қолдауға үміт артып, оған ақша берген.
Жәбірленішулердің жалпы шығыны 2,4 млн теңгеден асты.
Қазір қылмыстық істі тергеу аяқталып, ол сотқа жолданды. Айыпталушының әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Еске сала кетсек, Оралда ер адам мәңгілік алауға темекі тұқылын тастаған.