Референдум-2026

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Бүгін, 11:48
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

ҚФФ Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері қызметіне Джон ван’т Шкип кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қазақстан футбол федерациясы Джон ван’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу туралы келісімге келді.

Маманның тағайындалуы федерация жарғысына сәйкес КФФ Атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін ресми түрде рәсімделеді.

КФФ Атқарушы комитетінің отырысынан кейін бапкермен келісімшартқа қол қойылады.

Футболшы ретінде Джон ван’т Шкип Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд құрамасында ойнады. Ұлттық құрамамен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы атанды.

Бапкерлік жолын «Аякстың» жүйесінде бастап, бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларының тізгінін ұстады. 2016 жылы «Мельбурн Сити» клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.

Халықаралық деңгейде Джон ван’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері қызметін атқарды.

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да құрылды. Бас бапкердің көмекшісі Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов болса, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене даярлығы бапкері Вадим Боровский және сарапшы бапкер Тимур Құсайынов.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алғанын жаздық.