EXPO көрме орталығы алаңында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты концерт өтті

EXPO көрме орталығы алаңында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты концерт өтті
Фото: Қалиақбар Үсемханұлы

Астанадағы EXPO көрме орталығы алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған ауқымды салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Мерекелік іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

Ұлттық құндылықтар ұлықталған мерекелік іс-шараға қала тұрғындары мен елорда қонақтары көптеп жиналды.

Концерт барысында қазақтың дәстүрлі өнері мен заманауи мәдениеті үйлесім тапқан мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Сахна төрінде белгілі өнерпаздардың қатысуымен ән мен биден  шашу шашылып, ұлттық нақыштағы қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.

Сондай-ақ мерекелік іс-шара аясында ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, этно-мәдени көріністер көрсетілді.

Бұған дейін Астанада Наурыз мейрамын ауқымды деңгейде тойлау басталғанын жаздық