Есірткі жасырушыны көргенде не істеу керек

13 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Есірткі жасырушыны көргенде не істеу керек
Фото: ortcom.kz

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов осындай сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Заңсыз әрекетке барған есірткі жасырушыны көрген азаматтарға 102 нөміріне дереу қоңырау шалуға кеңес береміз. Барлық маршруттар бақылауда болады. 3-5 минут ішінде жол полициясы, патрульдік полиция оқиға орнына барады.

Екіншіден, 102-ге қоңырау шалған кезде бейне қоңырау функциясы бар, ақпарат оқиға орнынан дереу Жедел басқару орталығына жіберіледі. Бұл заттай дәлел ретінде ескеріледі», – деді полиция полковнигі.

Бұған дейін 2025 жылы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленгенін жаздық.