«Ерте күйеуге шықпаңдар, карьера жасап алыңдар»: атышулы блогер қыздарға ақыл айтты
11 мамыр, 2025
Әсел Асқардың инстаграм парақшасынан алынды
Танымал актриса, блогер Әсел Асқар бойжеткен қыздарға ақыл айтамын деп сынға ұшырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Блогер өз сөзінде қыздарға тұрмысқа шығуға асықпау керек екенін ерекше айтты.
«Ерте күйеуге шықпаңдар. Карьера жасап алыңдар, міндетті түрде. Қаржылай қауіпсіздікті міндетті түрде жасаңдар. Еркек бүгін бар, ертең жоқ. Баланы өзің үшін туып алыңдар. Қанша тапсаңдар да өздерің қамтамасыз ете алатындай болсын», - деді Әсел Асқар.
Алайда, оның бұл пікірін желі қолданушылары қатаң түрде сынға алды.
«Ақыл сұрайтын адамды тапқан екенсің», «Онсыз да бойдақтардан құтыла алмай жатсақ», «Аузы күйген қыздың әңгімесі», - деп жазды желі қолданушылары.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты