Ерлан Қарин ҚР Вице-Президенті болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Ерлан Қарин осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.
Білімі:
– Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді. «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігі берілді (1996 ж);
– Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді (1999 ж).
Еңбек жолы:
– Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі (1996 ж);
– Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары (1998 ж);
– Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры (2000 ж);
– ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2002 ж);
– Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры (2003 ж);
– Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы (2004 ж);
– Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі (2006 ж);
– ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2008 ж);
– «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы (2008 ж);
– Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры (2013 ж);
– ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (2014 ж);
– «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (2017 ж);
– ҚР Президентінің кеңесшісі (2019 ж. сәуір – 2020 ж. шілде);
– ҚР Президентінің көмекшісі (2020 ж. шілдеден бастап);
– ҚР Мемлекеттiк хатшысы (2022 ж);
– ҚР Мемлекеттік кеңесшісі (2022 ж).
2026 жылы 30 маусымда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті.