“Емтиханнан өткізіп берген”: Шымкенте 15 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 15 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Тергеу органдарымен М. ірі мөлшерде заңсыз сыйақы алуда (ҚК-нің 247-бабының 3-бөлігі), ұйымдасқан топ құру және оған басшылық етуде (ҚК-нің 262-бабының 3-бөлігі), бірнеше рет қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруда (ҚК-нің 218-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы);
К. ірі мөлшерде заңсыз сыйақы алуда (ҚК-нің 247-бабының 3-бөлігі), ұйымдасқан топ құру және оған басшылық етуде (ҚК-нің 262-бабының 3-бөлігі), қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруда (ҚК-нің 218-бабының 1-бөлігі);
И. заңсыз сыйақы алуға көмектесуде (ҚК-нің 28-бабыны 5-бөлігі, 247-бабының 3-бөлігі), ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуда (ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі), қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруда (ҚК-нің 218-бабының 1-бөлігі);
он екі сотталушы заңсыз сыйақы алуға көмектесуде (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 247-бабының 3-бөлігі), ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуда (ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі) айыпталған.
Сотта анықталғаны:
М. №2 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы лауазымын атқарып жүріп, 2022-2024 жылдар аралығында өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, жол қозғалысы ережелерін білуге арналған тестілеу нәтижелеріне әсер ету мүмкіндігін пайдалана отырып, азаматтардан жүйелі түрде ірі мөлшерде заңсыз ақшалай сыйақы алып, оларды емтиханнан өткізуді қамтамасыз ету үшін тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып (бұдан әрі – ҰҚТ), бұл топқа сенімді адамдарын, яғни жұмыссыз болған екі азаматты және орталық мамандарын қосқан. Соңғылар тестілеуден өтуге 80 000-400 000 теңге аралығында ақшаны төлейтін үміткерлерді тапқан.
ҰҚТ жұмысы нәтижесінде 395 тұлғадан жалпы 56 млн. теңгеден артық заңсыз сыйақы алынған. М. қылмыстық жолмен табылған ақшаның бір бөлігіне 12 млн теңгені құрайтын жылжитын мүліктерді сатып алған.
Сондай-ақ, екі сотталушы ҰҚТ құрамына кірмей, тестілеу кезінде азаматтарға заңсыз көмек көрсеткендері үшін жүйелі түрде жалпы 9 млн теңгеден артық заңсыз сыйақы алған.
Жаза бойынша тараптардың ұстанымы:
Прокурор жарыссөз сатысында сотталушы М.-ны айыпталған баптармен кінәлі деп танып, алайда оны қайтыс болуына байланысты жазадан босатуды сұрады.
Қалған сотталушыларға 4 жылдан 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Қорғау тарабы сотталушыларды ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру айыптауларында қылмыстардың құрамы болмауына байланысты оларды ақтауды сұрады.
Соттың шешімі:
Сотталушылардың ішінара мойындап берген жауаптарымен, куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сот сараптамаларының тұжырымдарымен және бейнежазбалармен дәлелденеді.
Сот сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында жас балаларының болуын, кінәсін ішінара мойындайтындарын, шын ниетпен өкінуін таныды, ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Е.-нің қылмыстық жауаптылығымен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, кінәсін толық мойындауын, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, асыруында кәмелетке толмаған балаларының болуын назарға алды, ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Сот :
- М.-ны ҚК-нің 247-бабының 3-бөлігімен, 218-бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен, 262-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оны қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты.
- Д.-ны ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 247-бабының 3-бөлігімен, 262-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, қылмыстар жиынтығымен оған түпкілікті 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
- Е.-ны ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 247-бабының 3-бөлігімен, 262-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін ережелерін қолдап, қылмыстық жиынтығымен түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.