06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елшілік Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

|
Photo: Фото: ria.ru
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елшілік Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

|
Photo: Фото: ria.ru

Қазақстанның Кореядағы елшілігі елде әскери жағдай жариялануына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда, жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы елшілікке хабарласуларыңызды сұраймыз!» - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше кешке Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль шұғыл баспасөз мәслихатын өткізіп, елде әскери жағдай енгізілетінін мәлімдеген болатын. Кейін Парламент әскери жағдай режимін алып тастады. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗